Атырау, 24 қараша 13:47
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ШҚО тұрғыны қызбен арадағы жанжалдан кейін оған жанармай құйып, тірідей өртеп жіберді

1 580 просмотра

АСТАНА,  12 жел  –Қазақстан жаңалықтары АА. Шығыс Қазақстан облысының  Парыгино ауылының тұрғыны қызбен арадағы жанжалдан кейін оған жанармай құйып, тірідей өртеп жіберді деп хабарлайды облыстық ІІД.

Ведомствоның мәліметінше, өрт жекеменшік тұрғын үйде  болды, жатын бөлме едені, жиһаз, төсек-орын, көлемі 13,5 шаршы метр заттар өртенді.

«Үйді барлау кезінде  толық өртенген 21 жасар әйелдің мүрдесі табылды. Тексеру кезінде 22 жасар ер адам  тұрмыстық жанжал кезінде қаза болған адамға белгісіз жанармай құйып, өртеп жіберген», -делінген хабарламада.

ТЖД анықтағандай,  ер адам  өрттеу кезінде өзі де 1, 2 деңгейлі бет, мойын, жоғарғы дене бөлігі күйігін алған, жедел жәрдеммен ол АІІБ  қызметкерлерімен бірге Зыряновск қаласы ауруханасының травматология бөліміне жеткізілді.

Өлім себебі, залалы анықталуда.

Дереккөз: newskaz.kz

12 желтоқсан 2013, 13:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.