Атырау, 24 қараша 14:08
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ШҚО-да полицейлер кәсіпкерді қатігездікпен өлтіргендері үшін ұзақ мерзімге сотталды

1 833 просмотра

АСТАНА,  12 жел  –Қазақстан жаңалықтары АА. Өскеменде бүгін жазықсыз адамды жазым еткен қызылжағалы қылмыскерлерге сот үкім шығарды. Погон таққан қасқөйлер сот залынан бірден қатаң режимдегі колонияға әкетілді деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қылмыстық топқа жетекшілік еткен Аягөз аудандық Ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Алтынбек Жұмабеков енді 22 жылын темір торда өткізуі тиіс. Сондай-ақ оны жазасын өтейтін жерде маскүнемдіктен де күштеп емдейді. Ал сыбайлас қос офицер Болат Жангелдин мен Серікжан Жұмашев 18 жылдан арқалады. Барлығының мүлкі тәркіленіп, қылмыскерлер сот шешімімен шендерінен де айырылды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл маусым айында Аягөзге мал сатып алуға келген астаналық азаматты қаскөйлер азаптап өлтіріп, мәйітін қорым маңына лақтырып кеткен болатын. Сөйтіп, кәсіпкердің 4 жарым млн теңгесін өзара бөлісіп алған.

Дереккөз: newskaz.kz

12 желтоқсан 2013, 13:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.