Атырау, 26 желтоқсан 01:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

«Әзірге жүйткіп тұр»

4 010 просмотра

Жергілікті фермерлер қазақстандық «СемАЗ» машина жасау кәсіпорыны жинақтаған «Беларусь» тракторының партиясын алды.

Техникалар «Қазагрофинанс» желісі бойынша лизингке алынды. Фермерлердің айтуынша, отандық кәсіпорында жасалған трактор құнына қарамастан Беларусь тракторынан айырмасы жоқ. Техниканы лизингке алу олар үшін өте тиімді екен.

«Биылғы жылы біз 7 «Беларусь» тракторын сатып алдық»,-дейді «Достан ата» шаруа қожалығының директоры Сейітжан БАЛЖІГІТОВ. – Және оның барлығын лизингпен алдық, бұл біз үшін өте қолайлы, олардың ақысын төлеу жылына 4 пайызбен жеті жылға дейін беріледі. Әзірге біз төлеп болмайынша бұл техникалар «Қазагрофинанс» балансында болады, алайда, біз оны толық пайдалана аламыз. Отандық тракторлардың сапасына қатысты айтар болсақ, біздің қолданғанымызға екі ай ғана уақыт болды, әзірге жаман емес, жүріп тұр. Егер оларды Беларусь тракторымен қатар қояр болсақ, ешқандай да айырмашылығы жоқ».

Облыстық ауылшаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Серік СӘРСЕКЕНОВТЫҢ айтуынша, шаруашылық қожалықтары үшін алынған барлық жаңа техника лизинг бойынша «Қазагрофинанс» арқылы алынды: «Бұл біздің фермерлерімізге қолайлы болып отырған, ауылшаруашылығын дамытудағы бір ғана қаржылық иснтитут».

Өз кезегінде «Қазагрофинанс» өкілдері СемАЗ тракторларын жинақтау жөніндегі қазақстандық зауыттармен серіктестік фермерлер үшін біраз басымдықтар береді дейді. «Біріншіден, техниканы жеткізіп беру мерзімі қысқарады, екінішден, трактор зауыттарынан келген жүктерді түсіруге шектеу қойылмайды. Басқаша айтқанда, бір тракторге тапсырыс беру барысында да түсіріліп алынады. Бұдан басқа, компания зауыт тарапынан кепілдік және сервистік міндеттемелерді бақылауға алады».

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Сурет В.Истоминдікі

15 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.