Алдағы мереке күндері ауа райы қазақстандықтарды әбігерге түсірмек.
"ҚазГидромет" орталығының хабарлауынша, желтоқсанның 16-17 күндері термометр көрсеткіші еліміздің солтүстігінде 30 градусқа дейін төмендейді.Батыс өңірде 20, ал оңтүстік пен шығыста ауа райы 15 градусқа түседі деп болжануда. Желдің жылдамдығы секундына 25 метріге жетіп, бұрқасын болады. Дегенмен, жаңа жыл мерекесіне қарай ауа райы қуантпақ.
Айдың соңында сарышұнақ аяздың беті қайтып, термометр көрсеткіші аздап көтеріледі, деп хабарлайды мамандар.