«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, Тәуелсіздік күні мерекесі – ұлттық мереке жыл сайын 16-17 желтоқсанда тойланады. Биыл атаулы күннің құрметіне қазақстандықтар 14-17 қыркүйек аралығында 4 күн демалады. Яғни, 16 желтоқсан дүйсенбі күніне тура келетіндіктен 5 күн жұмыс істейтіндер сенбі мен сейсенбі күндері аралығында 4 күн демалады. Ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін сенбі жұмыс күні болып қала береді.
Үкімет әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Естеріңізге саламыз, 1991 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Жоғарғы кеңесі елдің тәуелсіздігі және мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады. Дәл осы күні мемлекетіміздің атауы Қазақ ССР-інен Қазақстан Республикасына өзгертілді.
Тәуелсіздігіміз баянды болғай, құрметті отандастар!
Дереккөз: Baq.kz