Атырау, 24 қараша 13:54
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізілетін болады

2 863 просмотра

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өнегелі құндылықтарды және отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізуді тапсырды, деп хабарланады Ақорданың ресми сайтында. 

«Мерейлі  отбасы»  ұлттық  конкурсының  лауреаты  атағын  беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатарынан және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы айқындайтын оның бес мүшесінен қалыптастырылады. Комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия), сондай-ақ Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдерінің жанындағы әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссиялардың (бұдан әрі – өңірлік комиссиялар) қолдауымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады. 

10 желтоқсан 2013, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.