«Сараптама қорытындысы бойынша Бахарев жеткіншек Настя Шарипованы зорлап, өлтірді деп нық сеніммен айтуға болады. Алайда, оның кінәсін сот анықтайтын болады», - деді Б.Мағзұмова.
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптау орталығы жүргізген кешенді сот молекулярлық-генетикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес, зардап шеккен қыздың жыныстық органы мен ішкиімінен алынған ДНК айыпталушы Виктор Бахаревке тиесілі екені белгілі болды», - деп түсіндірді баспасөз қызметінің жетекшісі.
«Одан бөлек, Бахаревтің үйінен табылған қолғаптан қылмыс жасалған күні Анастасия Шарипованың үстінде болған жемпірдің түктеріне ұқсас түк қалдықтары табылды. Сондай-ақ, осы қолғаптан да зардап шеккен оқушы қыздың ДНК-лары табылып отыр», - деп қосты Б.Мағзұмова.
Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Виктор Бахарев толығымен өз кінәсін мойындап отырғандығын және берген түсініктемесінен бас тартпағанын атап өтті.
«Ол алғашқы жауап алу кезінде түсініктемені полицейлердің қысым жасауымен берді деген мәлімет расталмады», - деп ескерді Б.Мағзұмова.
Естеріңізге сала кетейік, Ақсу қаласының ауылды аумағындағы Евгеньевка ауылының тұрғыны 14 жасар Настя Шарипова 21 қазанда жоғалып кеткен. Сабақтан кейін қыз бала үйіне кетіп, бірақ үйіне сол күйі оралмаған. Оның мәйіті 3 қараша күні мектеп пен үй арасындағы жолда құлаған ғимараттың үйінділерінің ортасынан шұңқырдан табылды. Араға үш күн салып, 6 қарашада, жергілікті полицейлер бас күдікті ретінде зардап шеккен қыздың жерлесі 20 жасар Виктор Бахаревті тұтқындағаны туралы хабарлады. Оның берген түсініктемесіне сәйкес, ол сол күні мас болып, қарсы өтіп бара жатқан Настяны көре сала, оған бассалып, тұншықтырып, соңынан зорлаған.
Дереккөз: bnews.kz