Miss Asia Moscow-2013 байқауында Саида Әділова жеңіске жетті. Ал «Мисс дара тұлға» аталымында қазақстандық Әлия Шабарова үздік атанды, деп хабарлады байқау ұйымдастырушылары «В контакте» парақшасында.
«Miss Asia Moscow» халықаралақ байқауы – қысқа уақыт ішінде мәскеулік жастар үшін бірегей әсемдік жобасына айналып үлгерді. Байқау ұйымдастырушылары түрлі ұлт өкілдері қыздарының әдемілігін көрсетуді көздейді», - делінген ақпаратта.
«Miss Asia Moscow» жыл санап дамып, қатысушыларының да саны артып келеді. Бүгінгі таңда байқауға РФ ұлттық республикалары: Алтай, Бурятия, Қалмықия, Тыва, Хакасия, Якутия, ТМД елдері: Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Вьетнам, Оңтүстік Корея мен Моңғолияның арулары қатысады.
Екінші орынға Елена Цой (Корея), үшінші орынға Алдынай Ооржак (Тува) ие болды.
Дереккөз: bnews.kz
9 желтоқсан 2013, 15:35