Атырау, 24 қараша 13:47
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстандық білім беруде үнемі реформалар жүргізу қарапайым нәтижелер берді - Назарбаева

1 529 просмотра

Қазақстандық білім беруде үнемі реформалар жүргізу қарапайым нәтижелер берді, деп есептейді  Қазақстан парламенті мәжілісінің (төменгі палата) әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы  Дариға Назарбаева.

"Білім және ғылым министрлігінің тағдыры қиын, 2000 жылдан бері салада жеті бірінші басшы ауысты,   әрқайсысы өз қызметін кезекті ірі ауқымды реформалардан бастады, алайда олардың ешқайсысы соңына дейін жеткізілген жоқ.Осы салаға ірі қаражат құюдан қарапайым нәтиже ғана көрдік",- деді Назарбаева дүйсенбіде мәжілісте «үкімет сағатында».

Оның айтуынша, Қазақстанда «білікті мамандардың жеткіліксіздігі, оқулықтар сапасының нашарлығы, оқу бағдарламаларының тиімсіздігі» байқалады. 

"Біздің элиталық емес мектептерде және жоғары оқу орындарында білім алған жас қазақстандықтар еңбек нарығында бәсекеге қабілетті бола ала ма ?",- деген  сұрақ  мазалайды Назарбаеваны.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

9 желтоқсан 2013, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.