Атырау, 24 қараша 13:28
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан құрамасының олимпиадалық киімдері әзір

2 045 просмотра
Сочи-2014 Олимпиадасына баратын қазақстандық спорт делегациясының олимпиадалық киімдері өндіріске жіберілді. Бұл туралы kaztrk.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

«Соңғы эскиздерді бекітуде екіапталық кідіріс болды. Өздеріңіз білетіндей, Спорт істері және дене шынықтыру агенттігінде басшы ауысты, біз бұрынғы төрағамен жұмыс жасаған едік, дегенмен спорт ведомствосының жаңа басшысы да жұмысымызды мақұлдады. Біз өндіріске, іске кірісуге әзірміз», - деді «КазСПО-N» компаниясының директоры Елена Свечникова.

Оның айтуынша, жалпы тапсырыс 157 жиынтықты құрады, 110 жиындықтың өлшемдері де белгілі. Барлық киім түрін де өндіріске беруге мүмкіндік бар.

Спортшылар киімдерінің өлшемдері қосылуда, өйткені, іріктеу турнирлері әлі өтіп жатыр. Түпкілікті құрам желтоқсанның аяғында белгілі болады, деді Свечникова.

«Біз тіркеу сәтін күтпейміз. Барлығын да мерзімінде орындаймыз. Бірақ спортшылар киетін киімдердің дәл өлшемдері қажет. Әзірге 23 спортшы ғана өлшенуге келді»,-дейді ол.

Еске сала кетейік, Сочидегі олимпиадалық ойындар 2014 жылғы 7-23 ақпан аралығында өтеді. Бұдан бұрын қазақстандық спорт делегациясының алдына күштілердің жиырмалығына кіру міндеті қойылған болатын.

Дереккөз: bnews.kz

8 желтоқсан 2013, 19:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.