Атырау, 24 қараша 13:29
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

EXPO-2017 аясында Астанада әуежай мен вокзал салынады

1 501 просмотра

2014 жылы Астанада EXPO-2017 қалашығының құрылысы басталады.

Бұл туралы бүгiн "Астана EXPO-2017" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ермегияев мәлiм еттi.

Оның айтуынша, инфрақұрылымның дамуына Астана әкiмдiгi де белсендi атсалысуда. Олар қалада әуежайды кеңейтуге, тағы бiр вокзалды салуға қатысты жұмыстарды жүргiзбек. Жиын барысында, EXPO-2017 аясында шетелдіктерді қатыстыру жөніндегі жұмыс тобы құрылғаны да айтылды.

Сонымен қатар, ұлттық компания қызметкерлерінің айлық еңбекақылары жарияланды. Басқарма төрағасының айтуынша, ең төменгі жалақы 240 мың теңгені құрайды.

"Құрылыс жұмыстарының 60-70% бөлігін біздің компаниялар істейді. Ал қиын жұмыстар, яғни халықаралық павильондар құрылысын шетелдің тәжірибесі мол компаниялар істеуі керек", - деді Ермегияев.

"EXPO аяқталғаннан кейін салынған нысандар 8 айдан 1 жылға дейін халықтың игіліне пайдаланылып жасалынады", - деп қорытындылады "Астана EXPO-2017" ҰҚ" АҚ басқарма төрағасы.

Дереккөз: nur.kz

5 желтоқсан 2013, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.