Атырау, 14 мамыр 22:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +14
$ 440.92
€ 475.36
₽ 4.82

Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бұрынғы орынбасары 8,5 жылға сотталды

2 355 просмотра

Астананың әскери соты бүгін авиация генерал-майоры Асқар Бөлдешовке шыққан үкімді жария етті.

Судья Дәулет Молдабаев Қазақстан әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бұрынғы орынбасары болған Асқар Бөлдешовті "қызмет өкілеті мен билігін асыра пайдаланды" деген айыппен сегіз жарым жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Бөлдешов жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Бұған қоса ол әскери атақтары мен марапаттарынан айырылған.

Бас әскери прокуратура бұған дейін Бөлдешовке "қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, RG Trade жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Талғат Жұмахановпен бірлесіп 145 миллион теңгеден аса бюджет қаржысын жымқырған" деген айып таққан еді.

Сот Талғат Жұмахановқа алты жылға бас бостандығынан айыру және дүние-мүлкін тәркілеу жазасын кесті. Асқар Бөлдешов биыл сәуір айында "әскери техникаларды жөндеуден өткізу кезіндегі алаяқтық істерге қатысы бар" деген күдікпен тұтқындалған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

5 желтоқсан 2013, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.