Атырау, 24 қараша 14:00
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қарағандыда екі жолаушылар автобусына белгісіз біреу оқ жаудырды

2 444 просмотра

Қарағандыда тәртіп сақшылары жолаушылар автобусына кімнің оқ атқанын анықтап жатыр, деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінен.

Полицияның ақпараты бойынша, төтенше жағдай 4 желтоқсан күні Қарағандыда Сәкен Сейфуллин көшесінің бойындағы «Бірінші саяжай» автобус аялдамасында орын алған, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Белгісіз адам анықталмаған қарудан «MERCEDES BENZ» маркалы қалааралық жолаушылар автобустарына оқ жаудырған. Екі автобус та Саран қаласына қарай бағыт алған», - деп жазылған хабарламада.

Автобус салондарының бірінде 14, екіншісінде 20 жолаушы болған.

Олардың екеуі де «Автопарк № 3 » ЖШС-не тиесілі.

«Келтірілген залал мөлшері анықталып жатыр. Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы болуы мүмкін адамдарды анықтауға бағытталған шаралар жүргізілуде», - деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

5 желтоқсан 2013, 14:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.