Атырау, 26 қараша 16:48
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Сайлау сыйақысы» мамыр айында төленеді

3 623 просмотра

Қалалық биліктегілердің ұстаздарға сәуір айында уәде еткен тоқсандық сыйақысы мамыр айының аяғына дейін төленіп болады.

Естеріңізде болса,наурыз айының аяғында президент сайлауы алдында мұғалімдерге 35 мың теңгеден ақша төлеуге уәде берілген еді. Ол кезде ұстаздар бұл ақшаны сайлауды ұйымдастыруға қатысқаны үшін төленеді деп қабылдады, өйткені, дауыс беру қосындарының көпшілігі мектеп ғимараттарында орналасты. Алайда, қалалық биліктегілер мұны тоқсандық сыйақы деп түсіндірді.

Уақыт өте берді, ал, ақша болса беріле қоймады. Мамыр айы басталғалы алаңдаушылық білдірген ұстаздар редакцияға хабарласа бастады. Олардың айтуынша, қалалық білім бөлімі бұл ақшаларды мектептің есепшоттарына аударып жібергенімен, олардың қолына әлі күнге тие қоймаған. Және бір  түсінбейтіндігі – мектеп есепшілері 35 мың туралы емес, одан әлдеқайда төменгі мөлшердегі ақша туралы айтып отырған көрінеді.

Біз осыған қатысты түсінік алу үшін қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне хабарластық. «Тоқсандық сыйақыны төлеу басталды, мамыр айының аяғына дейін барлық мұғалімдер ақшаларын алып болады», - деді қала әкімінің орынбасары Амантай АЙТБАЕВТЫҢ атына сілтеме жасаған қалалық әкімдіктің  баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА.

Сыйақы мөлшері барлық мұғалімдер үшін бірдей – 35 теңгеден. Алайда, міндетті зейнетақы төлемдері мен табыс салығын ұстап қалғаннан кейін ол сома шамамен 29 мың теңгедей болады. Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 мамыр 2011, 01:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.