Жұма күні қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында қалалық әкімдіктің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Әлсейіт САБИРОВ қала бюджетінің кіріс бөлігіндегі өзгерістер туралы хабарлады. Облыстық бюджеттен 225 млн. теңге көлемінде қаржы түсті.
Бұл қаржылармынадай бағытта бөлінді: мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілерінің еңбекақыларына үстеме ақша үшін-132 млн. теңге, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мақсатында -16 млн. теңге, «Жұмысқа орналастыру-2020» бағдарламасына – 37 млн. теңге, Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне бір реттік төлем ақы үшін – 14,3 млн. теңге, қалалық әкімдік резервіне – 25 млн. теңге бөлінбек.
Бұдан басқа, депутаттар қала әкімінің Ұлы Отан соғысы кезінде тылда атқарған еңбектері үшін Кеңес Одағының орден-медальдарымен марапатталған азаматтарға ай сайынғы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімін бекітті. Енді оларға ай сайын 2 мың теңге көлемінде ақша берілетін болады. Қалалық әкімдіктің әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бастығы Нұрлы ХАБИЕВАНЫҢ хабарлағанындай, осы жылдың басынан бері Атырау облысындағы тыл еңбеккерлерінің саны 196 адам болған. Бүгінде олардың тек 178-і ортамызда.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ