Астанадан Алматыға ұшып шыққан «Эйр Астана» авиакомпаниясының «А-321» ұшағы әуежайға сол қозғалтқыш температурасының көтерілуі салдарынан қайтып оралды, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Қазақстанның ішкі істер министрлігі көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
ІІД мәліметінше, оқиға дүйсенбіде, 2 желтоқсанда болды, ұшақ бортында 85 жолаушы және экипаждың он мүшесі болған, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Сағат 23.30 –да (21.30 мск) Астананың әуежайында сол қозғалтқыш температурасының көтерілуінен сағат 22.35-те (20.35 мск) ұшып шыққан «Эйр Астана» авиакомпаниясына тиесілі «А-321» әуе кемесі қонуға мәжбүр болды», -делінген хабарламада.
Бір жарым сағаттан соң тексерілген және қалпына келтірілген «А-321» әуе кемесі әуежайдың белгіленген межесіне ұшып келді. Тергеу алды тексерісі жүргізілуде.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.