Атырау, 24 қараша 13:30
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресей оққа ұшқан браконьерге қатысты "наразылық нотасын" жолдады

1 433 просмотра

Каспийде балық аулап жүріп оққа ұшқан браконьерге қатысты Ресей сыртқы істер министрлігі Қазақстанға "наразылық нотасын" жолдады

Естеріңізге салайық, Ресейлік браконьерлер мен Қазақстан шекарашыларының арасында атыс болып, бір адам қаза тапқан болатын.

Шетелдік 8 браконьер шекарашылардың өз еркімен берілу туралы өтінішін елемеген. Салдарынан тікұшақтан оқ атылып, бір адам мерт болады.

Рұқсатсыз балық аулаушылардың барлығы Дағыстан республикасының аумағында тұратыны белгілі болды. Олардың екеуі жуырда ғана Каспий теңізінің қазақстандық аумағына заңсыз енгені үшін абықтыда отырып шыққан.

Енді сыбайластарымен бірге қайта темір торға жабылмақ. Ал Ресей Федерациясының сыртқы Істер министрлігі кісі өлімін заңсыз деп санайтын сыңайлы.

Бұған орай еліміздің Сыртқы істер министрлігі әзірге ресми мәлімет берген жоқ.

Дереккөз: Астана телеарнасы

29 қараша 2013, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.