Еске сала кетейік, қыз бала ата-анасы қонаққа кетіп, балаларын 20 жастағы туысының қарауына қалдырған кезде жексенбі күні жоғалып кеткен. Жігіт қыздың кіші бауырын ұйықтауға жатқызып жатқан кезде Алуа аулаға ойнауға шығып кетіп, содан қайтып оралмаған.
Үш тәулік өткенннен кейін қызыл күртешесін киген баланы қаланы қарауылдап жүрген полицейлер Аслан Шалқабаев пен Абдухалил Құдайбердиев байқап қалған.
Қыз бала полицейлерге өзін қала ұрлап әкеткенін жан-жақты әңгімелеп берді. Сол күні оған белгісіз ер адам келіп, ақшасын санауға көмектесуді сұраған. Сол үшін ол оған 2000 теңге берген. Содан кейін ер адам оны өзінің қызымен таныстырамын деп, үйіне қонаққа шақырған. Қыз бала бейтаныс адамның артынан еріп барып, содан сол үйде үш күн болған. Абырой болғанда, ер адам оған еш тиіспеген. Тек баланы бақылап отырған.
Іздестіру іс-шаралары барысында қызды ұрлаған күдікті анықталды. Ол Үштөбе қаласының тұрғыны болып шықты. Талдықорғанда ағасының үйінде тұрған екен. Әзірге істеген ісін мойындамауда. Полицейлерге айтқан әңгімесінің бәрі тамақ әзірлеудің әдіс-тәсілдерінің айналасында.
Алайда Алуа бірнеше ер адамның арасынан өзін ұрлаған адамды таныды. Қазір қамауға алу туралы мәселе шешілуде. Тергеу жүргізілуде.
Дереккөз: ҚазАқпарат