Атырау, 12 мамыр 10:25
 ашықВ Атырау +24
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Н. Назарбаев: Менің аманатым - Тәуелсіздік

2 126 просмотра
Бүгін Астанада өтіп жатқан «Болашақ» халықаралық стипендиясының мерейтойлық форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жастарға қарата айтқан сөзінде осылай мәлім етті.

«Болашақ» бағдарламасын бітірушілер үшін ендігі, алдағы кезең де маңызды. Бүгінгі күні мен және менің әріптестерімнің барлығы жасап келе жатқан дүниелердің баршасы болашақ үшін, сендердің болашақтарың үшін. Мемлекеттің тізгіні мен шылбыры қолдарыңа тиген кезде Сендер нағыз ысылған, тәжірибеде шыңдалған маман боласыңдар. Сол тұста менің сендерге айтатын аманатым: әр уақытта, күндіз-түні қазақтың тәуелсіздігін естен шығармаңдар. Ата-бабамыздың арманы болып келген тәуелсіздік біз үшін ең қымбат, жүректің ең лайықты орнында тұратын осы Тәуелсіздік болуы керек», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қоса, Елбасы тәуелсіз ел бола жүріп, басқа елдің шаңында қалмау керектігін де алға тартты. «Біріншілікте, алдыда боламыз десек, біздің жастарымыз білімді, білікті болуы шарт. Күндіз-түні жұмыс істеген жұрт озады. Ең көп жұмыс жасайтын Оңтүстік Корея жұрты мен ең аз жұмыс істейтін гректерді салыстырған адам мәселенің мәнісін де айқын сезетін еді», - деді Елбасы.

Дереккөз: ҚазАқпарат

29 қараша 2013, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.