Атырау, 4 мамыр 11:27
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Шахтер ПАОК командасынан 0:2 есебімен ұтылды

1 184 просмотра
Шахтер-ПАОК кездесуі 0:2 есебімен Грекияның пайдасына шешілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Мачтың үшінші минутында «ПАОК» командасының ойыншылары техникалық комбинация көрсетті, алайда «Шахтердің» қорғаушылары соңғы пасты тоқтатып үлгерді. 

Ойынның 18-ші минутында Шахтер тамаша қарсыластарына тамаша шабуыл жасады, алайда Хижниченко допты төбеден асыра шығарғанда команда капитаны Финонченко допқа бір кішкене жете алмады.

25-ші минутта «Шахтердің» колумбияық легионері Роджер Каньяс сары карточка алды.

Ойынның 31-ші минутында ПАОК жақсы шабуыл ұйымдастырды, алайда Костин Лазарь қақпаға допты дәл кіргізе алмады.

Матчтың 41-ші минутында «Шахтер» екінші сары карточкасын алады. Бұл жолы карточка Андрей Порываевқа берілді.

Бірінші таймның қорытындысы 0-0.

Екінші таймға командалар сол бұрынғы құраммен шықты. Және бірден бір-бірінің қақпаларына шабуыл жасауды бастады.

Екінші таймның екі минутында ПАОК қарсыластарына тамаша екі шабуыл жасады, алайда екеуі де еш нәтиже бермеді.

Ойынның 49-шы минутында Каньяс Финонченконы шабуыл позициясына шығарды, алайда капитанның тепкен добы қақпадан тыс кетті.

54-ші минутта Шахтер командасының қақпасына ПАОК-тың 10-ші нөмірлі ойыншысы Лукас алғашқы гол соғып, есепті ашады.

Матчтың 66-шы минутында Геворг Газарянның орнына алаңға Станислав Лунин шығады.

70-ші минутта Шахтер жақсы шабуыл ұйымдастырады, алайда доп қақпадан тайқып кетеді.

Ойынның 71-ші минутында төреші ПАОК командасына алғашқы сары карточка көрсетеді. Оны Костин Лазарь алды.

Шахтер құрамасында 76-шы минутта Сергей Хижниченконың орнына алаңға 78-ші нөмірлі Игорь Зенькович шықты.

78-ші минутта Лукас жақын бұрыштан доп соғады, алайда ол қақпадан тыс кетеді. Осы кезде ПАОК құрамасында ауысым болады. Мирослав Стоктың орнына Звонимир Вукич шығады.

Матчтың 82-ші минутында Шахтер жаттықтырушысы соңғы рет ойыншы ауыстырады. 17-ші нөмірлі Андрей Порываевтың орнына алаңға 7-ші нөмірлі Мақсат Байжанов шығады.

83-ші минутта ПАОК құрамасында ойын көрсететін Сотирис Нинистің орнына Димитрис Салпингидис ойынға кіріседі.

91-ші минутта Шахтер қақпасына 70-ші нөмірлі ойыншы Стелиос Китсиу гол кіргізеді.

Сөйтіп ойын Грекияның пайдасына шешіледі. Бұл «Шахтер» командасының Астана арена стадионындағы алғашқы жеңілісі.

Дереккөз: BNews.kz

29 қараша 2013, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.