«Түрлі себептерден рейстердің кешіктіріледі. Оның бірі – жолаушылардың бұзақылық әрекеті. Статистикаға жүгінсек, биыл алғашқы жартыжылдықта 141 осындай оқиға тіркелген. Оның 105-і ұшіп келе жатқанда орын алған», - деді Нұржан Байдәулетов.
Оның айтуына қарағанда, ең көп тәртіп бұзу – ұшақ бортында шылым шегу екен.
«Тәртіп бұзушылықтың тең жартысы – шылым шегуге қатысты. Бұл барлық жолаушылар үшін де қауіпті, өйткені бір адам шылым шексе бортта өрт шығуы мүмкін. Тәртіп бұзғандардың үштен бірі – бортсерік пен жолаушыларға тіл тигізгендер», - дейді ол.
«Самұрық Қазына» АҚ-ның басқарушы директоры айтуына қарағанда, ұшу қауіпсіздігі нұсқаулығына бағынбай, ұшқыш кабинасына кіргісі келген жолаушылар да болыпты.
«9 оқиға жолаушылар мен әуе компания қызметкерлеріне қоқан-лоққы көрсетуге қатысты. Барлық оқиға рейстің кешігуіне әсер етеді. Осындай әрекеттер борттағы жағдайдың ушығуына әкеліп соғады. Тіпті қажет болған жағдайда ұшақ әуежайға қайтып оралады», - деді Н.Байдәулетов
Дереккөз: BNews.kz