Атырау, 24 қараша 13:45
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шекарашыларымыз ресейлік браконьерлерді атып алды

1 714 просмотра
Қазақстан шекарашылары Каспий теңізінде рұқсатсыз балық аулаған ресейлік браконьерлерді қолға түсірді. Заң бұзғандарды ұстау кезінде бір ресейлік азамат жараланып қолға түсті, екіншісі оқиға орнында мерт болды.

Маңайды тік ұшақпен шолып жүрген қазақстандық құқық қорғаушылар мемлекеттік шекараны бұзған 8 қайықты байқаған. Шекарашылардың ескертулерін құлаққа ілмеген браконьерлер еліне қарай қаша жөнелген. Осыдан кейін әскерилер қайықтың қозғалтқышына оқ атуға мәжбүр болады. Қаңғыған оқ браконьерлерге тиіп, бірі мерт болса, екіншісі жаралы күйде қолға түскен.

Дереккөз: Baq.kz

26 қараша 2013, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.