ҚР Мәскеудегі консулдық бөлімінің ақпараты бойынша, өлтірілген әйел 32 жастағы Біржаханым Нажапова болып шықты.
Дәл осы күні, яғни 23 қарашада Мәскеудің тиісті тергеу органы өлтірілген Қазақстан азаматшасына қатысты іс қозғады. Қазіргі уақытта қылмысты жасаған адамды анықтау үшін жедел іздеу және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
ҚР СІМ бұл мәселені бақылауға алды.
Дереккөз: ҚазАқпарат