Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды. Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан босатылды», - делінген хабарламада.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.