Алматыдан Бангкокқа ұшып кеткен «Боинг 767/300» әуе кемесі дабыл жүйесінің іске қосылуынан Алматы әуежайына қайта оралуына тура келді, деп хабарлайды көліктегі ІІД баспасөз қызметі.
Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне диспетчерлік пунктен: «21.11.2013 жылы сағат 01.45-те Алматыдан ұшып кеткен «Алматы-Бангкок» бағытындағы «Эйр-Астана» әуе компаниясының рейсі техникалық себептерге байланысты Алматы қаласының әуежайына тұраққа қайтып келеді» деген хабарлама келіп түсті.