Атырау, 24 қараша 11:35
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан парламенті алкоголь, темекі және мүлікке салықты көтеретін толықтыруларды қабылдады

2 679 просмотра

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды деп хабарлайды агенттік тілішісі.

Аталған заң жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасын және Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің шешімдерін іске асыру мақсатында әзірленген.

Атап айтқанда, салық жүйесінің экономикалық қайтарымдылығын арттыру үшін заң арқылы жеке тұлғалар мүлкі, жер көлік құралдары салықтарының мөлшерлемелерін арттыру бойынша нормалар қамтылады. Халықтың әлеуметтік зиянды тауарларды тұтыну ынтасын төмендету мақсатында темекі және алкоголь өнімдеріне акциздерді кезең-кезеңімен көтеру көзделген. Құжатта экономиканың жекелеген салаларын қолдау жөніндегі шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне салық салуды оңтайландыруға бағытталған нормалар да қарастырылған. Мәселен, жоғары технологиялық өнім өндірісін дамыту үшін жекелеген арнайы экономикалық аймақтарда жүзеге асырылатын қызметтердің басым түрлерінің тізбесі кеңейтіледі.

Жалпы алғанда қабылданған заңға сәйкес, 2014 жылдың 31 желтоқсанынан кейiн шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе ҚР аумағына әкелiнген қозғалтқышының көлемi 3 мың текше сантиметрден жоғары жеңiл автомобильдер үшiн көлiк құралдарына салықты арттыру қарастырылады. Астана және Алматы қалаларында, сонымен қатар облыс орталықтарында тұрғын үйдiң базалық құнын екi есе арттыру көзделеді. Ал күштi алкоголь және темекi өнiмiне акциздер мөлшерлемелерiн 2014 жыл мен 2016 жыл аралығында кезең-кезеңмен арттыру қарастырылады. Бұл ретте алкоголь өнімдері бойынша ставканы арттыру тек күшті алкоголь ішімдіктеріне қатысты болады. Алкоголі аз өнімдер мөлшерлемесін келер жылы қарау жоспарланып отыр. Салық салу мәселелерi жөнiндегi консультациялық кеңес шешiмдерiне сәйкес салық заңнамасын қолдануға байланысты мәселелердi реттеу жөнiндегi нормалар көзделген. Бұған қоса, заң жобасында салықтық әкiмшiлiк ету, түсiнiксiздiктер мен дәлсiздiктердi жою мәселелерiн жетiлдiруге бағытталған нормалар қарастырылған.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА

21 қараша 2013, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.