
Қазақстанда 2027 жылы сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасын қазіргі деңгейде сақтау ұсынылып отыр. Тиісті бұйрық жобасын Энергетика министрлігі әзірледі.
Құжатқа сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ведомство қазір қолданыстағы отынның шекті көтерме бағасын қайта бекітуді жоспарлап отыр. Ол ҚҚС-ты есептемегенде, тоннасына 59 722 теңгені құрайды. Бұл баға елде 2026 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау 2026 жылғы 27 қарашаға дейін жалғасады.
В Атырау +1.9