
Бүгін, 13 қарашада, Астанада жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді. Іс-шара өткізілетін аумақта көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысына шектеулер енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Антитеррорлық орталығының хабарлауынша, оқу-жаттығуды елордалық Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб ұйымдастырады. Іс-шара сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Қарқаралы тас жолы, 15 мекенжайында орналасқан Қазақ ұлттық спорт университетінің аумағында өтеді.
Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнаулы органдардың террористік қатерлерге шұғыл ден қоюға дайындығын тексеру.
Оқу-жаттығу кезінде бірқатар шектеу шаралары енгізіледі. Атап айтқанда, жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының қозғалысы шектеледі.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
В Атырау +1.9