Атырау, 12 қараша 16:28
 дождьВ Атырау +5.4
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37

Қазақстанның қалпына келтіру жобалары әлемдік аренада танылуда

21 рет қаралды
СhatGPT көмегімен жасалған сурет
СhatGPT көмегімен жасалған сурет

Қазақстан қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан жер көлемі бойынша әлемде үшінші орынға ие болды. БҰҰ деректеріне сәйкес, мұндай аумақтың көлемі 8,13 миллион гектарды құрайды. Бұл ел аумағының шамамен 3 пайызына тең.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы (ЮНЕП) және Биологиялық әртүрлілік туралы конвенция хатшылығы бірлесіп әзірлеген Nature’s Comeback атты алғашқы жаһандық баяндамасына сілтеме жасап хабарлады.

Рейтингтің алдын ала деректері бойынша, Қазақстаннан тек екі ел алда тұр:

  • Қытай — 127,4 миллион гектар;

  • Моңғолия — 12,18 миллион гектар.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, елде топырақ жағдайын бақылаудың цифрлық құралдары да қатар енгізіліп жатыр. 2025–2026 жылдары мамандар 114 миллион гектар аумақтың топырақ деградациясына ұшырау деңгейінің электрондық карталарын жасап, 2,7 миллион гектар проблемалы ауыл шаруашылығы алқаптарын анықтаған. Бұл деректер топырақ құнарлылығын сақтау жұмыстарын нақты жоспарлауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 2026 жылғы 8 шілдеде Қазақстанда «Топырақты қорғау туралы» салалық заң қабылданып, онда жерді зерттеу мен қалпына келтірудің құқықтық тетіктері бекітілді. Қазір ведомство әкімдіктермен бірлесіп, тиісті өңірлік жоспарларды әзірлеп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің экологиялық жобалары халықаралық деңгейде жоғары бағаланған. Іле өзені атырауы мен Оңтүстік Балқаш өңіріндегі тоғайлы ормандарды қалпына келтіру тәжірибесі БҰҰ ФАО нұсқасы бойынша әлемдегі үздік 18 тәжірибенің қатарына енген.


Бүгін, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.