Атырау, 12 қараша 16:21
 дождьВ Атырау +5.4
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37

Қарағанды мен Алматыда психотроптық зат өндірген қылмыстық топқа үкім шықты

43 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты психотроптық заттарды заңсыз өндірумен және сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесіне қатысты айыптау үкімін шығарды.

Сот 2022–2024 жылдар аралығында Қарағанды және Алматы облыстарында С. және А. есімді азаматтардың басшылығымен жасырын есірткі зертханалары жұмыс істегенін анықтады. Топ мүшелері прекурсорлар мен арнайы құрал-жабдықтар сатып алып, синтетикалық есірткі әзірлеуді және оны өткізуді жүйелі түрде жолға қойған. Қылмыстық әрекеттен түскен пайдаға жалпы құны 580 миллион теңгеден асатын мүлік сатып алынған.

Істі қарау барысында сотталушылардың ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу (ҚК 262-бабы), сондай-ақ есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы (ҚК 297-бабы) бойынша кінәсі толық дәлелденді. Мемлекеттік айыптаушылар ұсынған қаржылық құжаттар, сараптама қорытындылары мен айғақтар негізінде қылмыстық жолмен табылған мүлікті тәркілеу туралы шешім қабылданды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.