Атырау, 12 қараша 16:20
 дождьВ Атырау +5.4
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37

Қарашығанақта қуаты 5 млрд текше метр болатын жаңа газ өңдеу зауыты салынады

47 рет қаралды
Сурет: "QazaqGaz" ҰК" АҚ
Сурет: "QazaqGaz" ҰК" АҚ

Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кен орнының шикізат базасында қуаты жылына 5 миллиард текше метрді құрайтын жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы басталады. Кеше, 12 қарашада Корея Республикасына сапары кезінде «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов халықаралық серіктестермен кездесіп, жобаның EPC-келісімшартына қол қойды.

Стратегиялық маңызы бар құжат ұлттық компанияның еншілес мекемесі — «QazaqGaz Processing» ЖШС мен құрамына оңтүстіккореялық Hyundai Engineering Co. Ltd. және «SICIM Kazakhstan» ЖШС кіретін консорциум арасында жасалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған бұл жоба Қарашығанақ кен орнынан өндірілетін шикі газды қайта өңдеу көлемін едәуір арттырады. Жаңа кәсіпорын іске қосылғаннан кейін ішкі нарыққа косымша тауарлық газ, сұйытылған көмірсутекті газ (СГГ) және күкірт жеткізіледі.

Бұл өндіріс еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін арттырып, Батыс Қазақстан өңірінің экономикалық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Бүгін, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.