Атырау, 12 қараша 16:20
 дождьВ Атырау +5.4
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37

Атырауда «ҚАЖсервис» мекемесінің 35 млн теңгесін қалтасына басқан бас есепші сотталды

64 рет қаралды

Атырау қалалық №2 соты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның еншілес мекемесі — «ҚАЖсервис» ЖШС филиалының бас бухгалтеріне қатысты үкім кесті. Ол 34,8 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Прокурорлық тексеру мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бас бухгалтердің заңсыз төлемдерді есептеп, ұйымның ірі көлемдегі қаражатын өзінің жеке банктік шотына жүйелі түрде аударып келгені дәлелденді. Заңбұзушылықты Атырау көлік прокуратурасы өңірлік Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп анықтаған.

Сот үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сотталған азаматша 5 жыл бойы материалдық жауапкершілікпен байланысты қызметтерді атқару құқығынан айырылды.

Бұдан бөлек, сот «ҚАЖсервис» ЖШС-нің келтірілген материалдық шығынды өндіріп алу туралы азаматтық талап арызын толық көлемде қанағаттандырды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.


Бүгін, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.