
2026 жылғы 29 қарашада өтетін кезектен тыс сайлауда Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 12 депутаттық мандаты үшін тіркелген 36 кандидат таласады. Олардың арасында мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорын басшылары, мұғалім, кәсіпкер, мәдениет, ветеринария және әлеуметтік сала қызметкерлері бар. «Ак Жайык» кандидаттардың ресми тізімін зерделеп, олардың жас мөлшерін, жұмыс орындарын және партиялық қатыстылығын талдап шықты.
Округтік сайлау комиссияларының 1 қарашадағы жағдай бойынша хабарламасына сәйкес, 12 бір мандатты округтің әрқайсысы бойынша үш кандидаттан тіркелген. Осылайша, бір депутаттық креслоға үш адамнан үміткер болып отыр.
Партиялық тізім бойынша сайлаудан айырмашылығы, мұнда сайлаушылар саяси партиялар ұсынған немесе өзін-өзі ұсыну тәртібімен түскен кандидаттарға тікелей дауыс береді.
Партиялық құрам: «Әділет» ең көп кандидат ұсынды
Кандидаттарды ұсыну және тіркеу туралы жарияланған мәліметтерді талдау көрсеткендей, Қызылқоға аудандық мәслихатының сайлауына үш саяси партияның өкілдері, сондай-ақ өзін-өзі ұсынғандар қатысуда.
Бөлініс төмендегідей:
«Әділет» партиясы — 10 кандидат (27,8%);
«Ауыл» партиясы — 8 кандидат (22,2%);
«Ақ жол» партиясы — 6 кандидат (16,7%);
Өзін-өзі ұсынғандар — 12 кандидат (33,3%).
Осылайша, кандидаттардың үштен екісі (24 адам) саяси партиялар тарапынан ұсынылса, тағы үштен бірі (12 адам) сайлауға өз бетінше қатысып жатыр.
Ең үлкен партиялық өкілдік «Әділет» партиясында — 10 кандидат. Оның өкілдері 12 округтің онында бағын сынайды. Партия тек №2 және №8 округте кандидат ұсынған жоқ.
«Ауыл» партиясы сегіз округте, ал «Ақ жол» алты округте ұсынылған.
Бұл ретте өзін-өзі ұсынғандар барлық 12 округке де қатысып жатыр.
Әр округте сайлаушыларға партиялық кандидаттар мен өзін-өзі ұсынған үміткер арасында таңдау жасауға тура келетіні көңіл аудартады.
№12 округ ерекше назар аударуға тұрарлық. Мұнда «Әділет» партиясынан оның Қызылқоға аудандық филиалының төрағасы Альберт Аккайнанов түсіп жатыр. Оның қарсыластары өзін-өзі ұсыну тәртібімен қатысып жатқан аудандық мансап орталығының маманы Сәндібек Утешов және «Ақ жол» партиясы ұсынған Отбасын қолдау орталығының директоры Ақмарал Кусанова болмақ.
Кандидаттардың жасы: 24-тен 54 жасқа дейін
Үміткерлердің жас құрамы әртүрлі.
Ең жас кандидаттар 2002 жылы туған. Олар — аудандық ТҮКШ бөлімінің инспекторы Думанбек Сүлеймен және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің архивисі Азамат Төлегенов. Екеуі де №4 округ бойынша сайлауға қатысып жатыр. 2026 жылы олар 24 жасқа толады.
Ең егде кандидат — Қызылқоға аудандық ветеринариялық зертханасының меңгерушісі, 1972 жылы туған Орынша Әжіғалиева. Ол да №4 округ бойынша бағын сынауда. Ағымдағы жылы ол 54 жасқа толады.
Кандидаттардың орташа жасы шамамен 39 жасты құрайды.
Туған жылы бойынша есептелген жас құрылымы:
30 жасқа дейін — 7 кандидат (19,4%);
30–39 жас — 14 кандидат (38,9%);
40–49 жас — 12 кандидат (33,3%);
50 жас және одан жоғары — 3 кандидат (8,3%).
Топтың ең көбі — 30-дан 39 жасқа дейінгі кандидаттар. Олар 14 адам.
Жалпы алғанда, 36 кандидаттың 21-і 2026 жылы толатын жасына қарасақ, 40 жасқа толмағандар. Бұл барлық үміткерлердің 58,3%-ын құрайды.
Кандидаттар арасындағы әйелдер ер адамдарға қарағанда үш есе аз
Тіркелген 36 кандидаттың 27-сі — ер адам, 9-ы — әйел. Осылайша, ер адамдар үміткерлердің 75%-ын, әйелдер 25%-ын құрайды.
Бұл ретте әйелдер №2, №4, №5, №7, №9, №11 және №12 округтер бойынша сайлауға қатысып жатыр.
№5 округ ерекше көзге түседі, онда жалғыз мандат үшін бірден үш әйел таласады:
Гаухар Канашова — күндізгі бөлімше директоры;
Шынар Күздеубаева — аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары;
Светлана Сақтағанова — аудандық аурухана директорының міндетін атқарушы.
Канашова сайлауға өзін-өзі ұсынушы ретінде қатысып жатыр, Күздеубаева «Ауыл» партиясын, ал Сақтағанова «Әділет» партиясынан тіркелген. Бұл — Қызылқоға ауданында тіркелген кандидаттың барлығы әйел болған жалғыз округ.
Кім мемлекеттік мекемеде жұмыс істейді, ал кім бизнеспен айналысады
Жұмыс орындарын талдау көрсеткендей, кандидаттар арасында мемлекеттік және коммуналдық мекемелердің қызметкерлері басым. Тізімде білім беру, мәдениет, әлеуметтік сала, ветеринария, сондай-ақ аудандық мемлекеттік органдар өкілдері көп.
Мысалы, №1 округте «Әділет» партиясы ұсынған Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының басшысы Асылбек Жанқуатов бағын сынайды.
№5 округте Қызылқоға аудандық ауруханасы директорының міндетін атқарушы Светлана Сақтағанова қатысып жатыр.
№9 округте — QazaqGaz Aimaq Қызылқоға газ шаруашылығының директоры Самғат Хасан бар, ол да «Әділет» өкілі.
№10 округте депутаттық мандат үшін Кенбай орта мектебінің директоры Бекбол Омаров, ал №11 округте «Сағыз су Арнасы» ЖШС басшысы Сағижан Досымбаев таласады.
Кандидаттар арасында кәсіпкерлер де бар.
№6 округ бойынша «Әділет» партиясынан Тасшағыл ауылында тұратын жеке кәсіпкер Әліби Жанықұлов ұсынылған.
№7 округте осы партиядан кәсіпкер Асылбек Мұратов бар.
№8 округте «Ауыл» партиясы ұсынған «Біржан» шаруа қожалығының төрағасы Біржан Әжіғалиев қатысып жатыр.
Тізімде уақытша жұмыссыз да бар — 1983 жылы туған Азамат Каленов. Ол №8 округ бойынша өзін-өзі ұсыну тәртібімен сайлауға түсіп отыр.
Бірнеше кандидаттың бір ұйымда жұмыс істейтіні де назар аудартады.
Мысалы, бірден үш үміткер Х. Досмұхамедов атындағы орта мектеппен байланысты: көркем еңбек пәнінің мұғалімі Нұрәділ Тілеген, химия пәнінің мұғалімі Қайсар Аккужиев және мұғалім Ақылбек Молдашев.
Екі кандидат Қызылқоға аудандық ветеринариялық станциясында жұмыс істейді — Райгүл Стомма және Гүлсерік Теңелбай.
Кандидаттардың басым көпшілігі Миялыда тұрады
Сайлау комиссияларының мәліметінше, 36 кандидаттың 28-і аудан орталығы — Миялы ауылында тұрады. Тағы үш адам Жангелдин, үшеуі — Сағыз, бір-бірден — Жасқайрат пен Тасшағыл тұрғындары ретінде тіркелген.
Осылайша, депутаттық мандатқа барлық үміткерлердің төрттен үштен астамы аудан орталығында тұрады.
Округтер бойынша кандидаттардың толық тізімі
№1 округ
Руслан Асауов, 1997 ж. т. — Ұлттық сараптама орталығы аудандық бөлімшесінің зертхана меңгерушісі, «Ақ жол» партиясы.
Асылбек Жанқуатов, 1986 ж. т. — Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының басшысы, «Әділет» партиясы.
Нұрәділ Тілеген, 1998 ж. т. — Х. Досмұхамедов атындағы орта мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі, өзін-өзі ұсыну.
№2 округ
Марлен Қуанаев, 1989 ж. т. — «Ұлан» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру дайындығы клубының бапкері, өзін-өзі ұсыну.
Райгүл Стомма, 1991 ж. т. — Қызылқоға аудандық ветеринариялық станциясының іс жүргізушісі, «Ауыл» партиясы.
Райымбек Якупов, 1987 ж. т. — «Миялы» ҮЕҰ мүшесі, «Ақ жол» партиясы.
№3 округ
Асылхан Абыз, 1997 ж. т. — «Табиғат» КМК Қызылқоға өндірістік учаскесінің басшысы, «Ақ жол» партиясы.
Ризабек Амантай, 1998 ж. т. — «Арман» аудандық Мәдениет үйінің басшысы, «Әділет» партиясы.
Сәкен Махамбетов, 1993 ж. т. — Жастар ресурстық орталығының Жангелдин ауылдық округі жастарының басшысы, өзін-өзі ұсыну.
№4 округ
Орынша Ажғалиева, 1972 ж. т. — Қызылқоға аудандық ветеринариялық зертханасының меңгерушісі, «Әділет» партиясы.
Думанбек Сүлеймен, 2002 ж. т. — аудандық автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі, ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің инспекторы, өзін-өзі ұсыну.
Азамат Төлегенов, 2002 ж. т. — аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің архивисі, «Ауыл» партиясы.
№5 округ
Гаухар Канашова, 1976 ж. т. — аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы күндізгі болу бөлімшесінің директоры, өзін-өзі ұсыну.
Шынар Күздеубаева, 1989 ж. т. — Қызылқоға аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Ауыл» партиясы.
Светлана Сақтағанова, 1979 ж. т. — Қызылқоға аудандық ауруханасы директорының міндетін атқарушы, «Әділет» партиясы.
№6 округ
Әліби Жанықұлов, 1980 ж. т. — жеке кәсіпкер, «Әділет» партиясы.
Есет Махмут, 1993 ж. т. — Миялы балалар өнер мектебінің домбыра пәні мұғалімі, өзін-өзі ұсыну.
Азамат Молдашев, 1986 ж. т. — Ы. Шореков атындағы мектеп-гімназияның мұғалімі, «Ауыл» партиясы.
№7 округ
Қайсар Аккужиев, 1990 ж. т. — Х. Досмұхамедов атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі, өзін-өзі ұсыну.
Асылбек Мұратов, 1988 ж. т. — жеке кәсіпкер, «Әділет» партиясы.
Гүлсерік Теңелбай, 2000 ж. т. — Қызылқоға аудандық ветеринариялық станциясының маманы, «Ауыл» партиясы.
№8 округ
Біржан Әжіғалиев, 1977 ж. т. — «Біржан» шаруа қожалығының төрағасы, «Ауыл» партиясы.
Самғат Рәшбаев, 1994 ж. т. — аудандық білім беру бөлімінің шаруашылық меңгерушісі, «Ақ жол» партиясы.
Азамат Каленов, 1983 ж. т. — уақытша жұмыссыз, өзін-өзі ұсыну.
№9 округ
Самғат Хасан, 1985 ж. т. — QazaqGaz Aimaq Қызылқоға газ шаруашылығының директоры, «Әділет» партиясы.
Ақылбек Молдашев, 1988 ж. т. — Х.Досмұхамедов атындағы орта мектептің мұғалімі, «Ауыл» партиясы.
Әсел Мұратова, 1993 ж. т. — аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы, өзін-өзі ұсыну.
№10 округ
Бекбол Омаров, 1978 ж. т. — Кенбай орта мектебінің директоры, «Әділет» партиясы.
Тілек Жәрдемғалиев, 1993 ж. т. — Атырау облысы Мемлекеттік архиві Қызылқоға аудандық филиалының басшысы, «Ақ жол» партиясы.
Аманжан Қуанов, 1993 ж. т. — аудандық жер қатынастары, сәулет және құрылыс бөлімінің әдіскері, өзін-өзі ұсыну.
№11 округ
Сағижан Досымбаев, 1973 ж. т. — «Сағыз су Арнасы» ЖШС басшысы, «Әділет» партиясы.
Айбек Урдеков, 1976 ж. т. — Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының инспекторы, «Ауыл» партиясы. Сағыныш Шамуратова, 1983 ж. т. — «Шұғыла» Мәдениет үйінің әдіскері, өзін-өзі ұсыну.
№12 округ Альберт Аққайнанов, 1975 ж. т. — «Әділет» партиясы Қызылқоға аудандық филиалының төрағасы, осы партия тарапынан ұсынылған.
Сәндібек Утешов, 1987 ж. т. — Қызылқоға ауданы Мансап орталығының маманы, өзін-өзі ұсыну.
Ақмарал Кусанова, 1974 ж. т. — аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы Отбасын қолдау орталығының директоры, «Ақ жол» партиясы.
Жомарт ӘМІРХАНОВ
В Атырау +4.1