
Заңбұзушылықтарды облыстық экология департаментінің қызметкерлері Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдерімен бірлескен рейд барысында анықтады.
Атырау облысы бойынша экология департаменті хабарлағандай, тексеру табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылау шеңберінде ұйымдастырылды.
Рейд барысында мамандар облыс орталығының маңындағы карьерлер аумағын тексерді. Нәтижесінде тиісті рұқсатсыз қалдықтар орналастырылған учаскелер анықталды.
Ведомствоның ақпараты бойынша, заңсыз қоқыс орындарын жою үшін құзыретті мемлекеттік органдарға ластанған аумақтарды тазалауды ұйымдастыру талабы ұсынылған хат жіберілді.
Бұл ретте департаментте карьерлерді тазалау бойынша жұмыстардың орындалуы экологтардың тұрақты бақылауында болатынын баса айтты.
В Атырау +5.4