Атырау, 11 қараша 11:26
 дождьВ Атырау +2.9
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41

Отандық МӨЗ-дерге мұнай жеткізу көлемі 8%-ға артты

42 рет қаралды

2026 жылдың 10 айында «Кеңқияқ – Атырау» магистральдық мұнай құбыры арқылы 5 миллион 526 мың тонна мұнай тасымалданды. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға артық.

Өндірістік көрсеткіштердің өсуі отандық мұнай өңдеу зауыттарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында ішкі нарыққа жөнелтілетін көлемнің көбеюімен, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің бекітілген кестесіне сәйкес экспорттық тасымалдың ұлғаюымен түсіндіріледі.

Жалпы тасымалдау құрылымындағы негізгі көрсеткіштер төмендегідей бөлінді:

  • Ішкі нарық: Компания отандық мұнай өңдеу зауыттарына 4 миллион 679 мың тонна мұнай жеткізді, бұл 2025 жылдың 10 айымен салыстырғанда 8%-ға артық.

  • Экспорт: Сыртқы нарықтарға 847 мың тонна мұнай жөнелтілді. Экспорттық бағыт бойынша өсім 29%-ды құрады.

Сонымен қатар есепті кезеңде «Кеңқияқ – Атырау» магистральдық мұнай құбыры бойынша мұнайдың жүк айналымы 2 миллиард 304 миллион тонна-километрге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға артты.

Айта кетейік, «Кеңқияқ – Атырау» магистральдық мұнай құбырын басқаратын «МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС «ҚазТрансОйл» АҚ мен қытайлық CNPC компаниясының бірлескен бақылауында жұмыс істейді.

Бүгін, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.