
2027 жылдың жазында-ақ Қытайда құны шамамен 300 мың доллар болатын екі орындық ұшатын аппараттарды пайдалануға беруі мүмкін. Әзірлеуші компания мұндай құрылғыны басқаруды адамға небәрі бес минутта үйретуге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды The Guardian.
Бұған дейін XPeng AeroHT деген атпен танымал болған қытайлық ARIDGE компаниясы алты пропеллері бар электрлі аппарат жасап шығарды. Ол бір шақырым биіктікке дейін көтеріліп, шамамен 30 шақырым қашықтықты еңсере алады.
Аппарат джойстик арқылы басқарылады. Сондай-ақ алдын ала белгіленген бағыт бойынша автоматты түрде ұшу мүмкіндігі қарастырылған. Құрылғының өзі арнайы алты доңғалақты фургонның ішінде тасымалданады. Ол фургоннан трансформер секілді шығады.
«Әркім өз ұшағының капитаны бола алатын әлем жақында келеді», — деді компания басшысы Чжао Дэли Лиссабонда өткен Web Summit технологиялық форумында.
Жобаны әзірлеуге шамамен он жыл уақыт кеткен. Компания 2027 жылдың екінші жартысында аппараттарды демалыс және құтқару операциялары үшін шектеулі көлемде пайдалануды бастауды жоспарлап отыр.
В Атырау +2.9