Атырау, 17 қаңтар 22:55
 ашықВ Атырау -16
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Қазақстандықтар желтоқсанда қосымша үш күн демалыс алады

6 179 рет қаралды

Заңға сәйкес мемлекеттік және ұлттық мереке күндерінде демалыс жарияланады

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні, ал 16-17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Заңға сәйкес мемлекеттік және ұлттық мереке күндерінде демалыс жарияланады.
 
Қазақстанның  Тұңғыш Президент күні жексенбіге сәйкес келгендіктен, дүйсенбі демалыс күні саналады. Қазақстандықтар сенбі, жексенбі күндерінен бөлек 2 желтоқсан, дүйсенбі күні де жұмысқа шықпайды.  
 
Тәуелсіздік күні 16-17 желтоқсанда аталып өтіледі. Ұлттық мереке дүйсенбі және сейсенбі күндеріне сәйкес келеді. Сондықтан бұл екі күнде қазақстандықтар демалады.
 
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік мереке -Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні өткен жылы алғаш рет аталып өтті. Ал Қазақстан тәуелсіздігіне биыл – 22 жыл.
 
Дереккөз: Қазақстан ТРК
20 қараша 2013, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.