Атырау, 24 қараша 11:20
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алматы әуежайында кеденшілер декларацияланбаған валютаның ірі соммасын тәркіледі

1 440 просмотра

Алматы әуежайында кеденшілер ағымдағы жылғы 11 қарашада бір күннің ішінде декларацияланбаған валютаның ірі соммасын тәркіледі деп хабарлайды Қазақстан қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, «Алматы – Үрімші» қатынасы мен ұшқан №6012 әуе рейсінің әуежолаушыларына кедендік бақылау жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының азаматшасы ұсталды, кедендік тексеру кезінде кеден органдарында декларацияланбаған 62000 АҚШ доллары және 1000 қытай юаны (немесе 9 593 790 теңге) мөлшеріндегі ақша қаражаты анықталды.

Осы күні ағымдағы жылғы 11 қарашада осыған ұқсас құқық бұзушылықтар бойынша Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Қытай Халық Республиккасының азаматына қатысты  валютаны заңсыз өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Кедендік тексеріп қарау барысында кеден органында декларацияланбаған  мынадай мөлшердегі ақша қаражаты: 21 900 АҚШ доллары, 3 772 қытай юаны, 1 400 БАЭ дирхамы,100 гонконг доллары, 570 катар реалы, 116 бахрейн динары, 2 900 000 иран реалы, 50 сауд реалы және 70 000 теңге (немесе 3 697 012 теңге) анықталды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

20 қараша 2013, 09:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.