Бұдан бұрын апелляциялық сот Әблязовтің өтініштері негізсіз деп, елемей келген болатын. Бұл жолы оның қорғаушысы Әблязовқа қатысты қылмыстық істі жүргізу кезінде бірнеше рет заңның бұзылғандығы туралы дәлелдерді келтіріп отыр.
БТА банктің бұрынғы басшысы 2013 жылдың 31 шілдесінде Францияда ұсталған еді. Қазіргі кезде Экс-ан-Прованстың апелляциялық соты оны еліне қайтару туралы мәселені шешіп жатыр. Қазір Әблязовті қайтаруды Қазақстанмен қатар, Ресей және Украина да талап етіп отыр.
Бұрын хабарлағанымыздай, экстрадициялау туралы шешім шығару ұзаққа созылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша, Әблязовті Украинаға беру сауалын қарау 5 желтоқсанға ауыстырылды. Бұған себеп – Украина жағы құжаттарды француз және украин тілдерінде жіберген. Ал, Әблязов француз тілін де, украин тілін де білмейтін болып шықты.
Дереккөз: baq.kz