Атырау, 24 қараша 11:29
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Каспийде Теңіз кемежай әкімшілігі құрылады

2 097 просмотра
Су көлігінің даму мәселелері жөнінде өткен кеңесте министр А.Жұмағалиев Теңіз кемежай әкімшілін ұйымдастыру шараларын ширатуға тапсырма берді. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесуде кемежай және сервис инфрақұрылымының, сауда флотының және кеме қатынасы кауіпсіздігін қамсыздандыруының дамуы жөніндегі мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, бүгінгі күні Ақтау кемежайында, оның қажетті өтеу мүмкіншілігін арттыру жобасының шеңберінде, 3 құрғақ жүк терминалын құрастыру көзделген .

Сонымен қатар отандық сауда флотын толықтыру және оның бәсекелестігін арттыру жөніндегі жұмыстар іске асырылуда. Ағымдағы жылда кеме жүзу компанияларын, егер олар халықаралық кемелер тізілімінде тіркелген болса, әкелім кеден баж салығын және көлік салығын төлеуден босататын өзгертулер ҚР заңдарына енгізілді деп белгіленді.

Каспий және ішкі су бағыттарында кеме жүзу қауіпсізідігін күшейту сұрақтарына аса көңіл бөлінді. Министр Теңіз кемежай әкімшілін ұйымдастыру бойынша шараларды тез арада іске асыруға тапсырма берді. Оның басты мақсаты - халықаралық талаптарға сай мемлекеттік кемежай бақылауын өткізу. Бүгінгі күні Қазақстан 12 халықаралық конвенцияның мүшесі болып табылады. Тағы да 10 конвенцияға қосылу бойынша жұмыстар өткізілуде. Сонымен қатар осы конвенциялар баптарын ұлттық заңнамаға сәйкестендіру шаралары атқарылып жатыр.

Теңіз көлігіндегі байырғы қызметкерлер әлеуетінің дамуын алсақ, 2012 жылдан бастап Қазақстанда Қазақ-британ техникалық университеті негізінде халықаралық деңгейдегі теңізшілерді дайындайтын теңіз академиясы ашылды. Білім үдерісін дамытумен қатар теңізшілерді дайындау жүйесін Теңізшілерді дайындау мен дипломдау және вахта жұмысын атқару жөніндегі халықаралық теңіз ұйымы Конвенциясына үйлестіру жұмыстары іске асырылуда.

Өзен арқылы тасымалды дамыту үшін жергілікті атқарушы органдармен бірге жағалау инфрақұрылымын бұрынғы қалпына келтіру жөніндегі шаралар өткізіледі. Өзен көлігін әлеуметтік маңызы бар жүктер мен автожолдар құрылысына қажет оқшау материалдар тасымалына тарту жұмыстары атқарылады. Жеке кеме иелерімен саладағы күрделі сұрақтарды шешу жөнінде жұмыстар жалғасады.

Тұтастағанда кеңес барысында көтерілген сұрақтар 2020 жылға дейін көлік жүйесі инфрақұрылымының дамуы және интеграциясы мемлекеттік бағдарламасы жобасына енгізіледі.

Кеңестің соңында министрмен су көлігі мәселелерін талқылау және қабылданған шешімдердің іске асырылуын талдау үшін тоқсан сайын жиналу ұсынылды.

Дерекккөз: BNews.kz

19 қараша 2013, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.