Бiрiккен Араб әмiрлiктерiнде қамауға алынған қазақстандықтардың бiрiнiң жұбайы үш баласымен бiрге елге оралды. Бұл жөнiнде бүгiн баспасөз мәслихаты кезiнде ҚР Сыртқыiстер министрлiгiнiң баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Ұсталған азаматтардың жұбайының бiрi Нұргүл Өтеғұлова үш баласымен бiрге елге оралды. Олар ұзақ уақыт бойы Бiрiккен Араб әмiрлiктерiнен қайта алмай отырған. Өйткенi екi баланың визалары олардың әкесi Қуаныш Өтешовтың төлқұжатына рәсiмделген болатын. Балаларға визалаларды қайта рәсiмдеп, анасының төлқұжатына енгiзу үшiн Қуаныш Өтешовтың ұстауына қатысты талап етiлген құжаттарды алу барысында айтарлықтай қиындықтар туындады. Соған қарамастан, қазақстандық дипломаттар Дубай көшi-қон басқармасынан олардың Қазақстанға ұшып келуi үшiн ҚР Бас консулдығы тарапынан рәсiмдеген елге қайтару туралы куәлiк негiзiнде тиiстi рұқсатты алды», - дедi баспасөз хатшысы.
Дереккөз: BNews.kz
18 қараша 2013, 17:35