
Қаржы мониторингі агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті құны 1,5 миллиард теңге болатын 2,6 мың тонна алтын құрамды кенді шетелге заңсыз алмақ болған қылмыстық әрекеттің жолын кесті.
Тергеу мәліметінше, шикізатты кеденнен өткізу кезінде оның нақты құрамы әдейі жасырылып, құжаттарға жүк «мыс кені мен концентраттары» ретінде жазылған.
Жедел іздестіру шаралары барысында Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы қоймалардан ірі контейнерлерге тиелген 1 мың тоннадан астам заңсыз шикізат тәркіленді.
Қылмыстық схеманы ұйымдастырды деген күдікпен «RedGold Mining» ЖШС экспорттаушы компаниясының директоры мен басқа да тұлғалардың заңсыз әрекеті әшкереленді. Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынды.
Соттың санкциясымен аталған серіктестіктің ақшалай қаражатына тыйым салынды.
В Атырау +6.3