Атырау, 21 қазан 17:21
 дождьВ Атырау +16.2
$ 450.69
€ 505.04
₽ 5.45

Жаңа «Жібек жолы»: Қазақстан-Өзбекстан шекарасының болашағы

61 рет қаралды
Иллюстрациялық фото / Мемлекеттік кірістер комитеті
Иллюстрациялық фото / Мемлекеттік кірістер комитеті

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы ең ірі жаяу жүргіншілер өткізу пункті — «Жібек жолын» жаңғырту жұмыстары 2026 жылдың қазан айында аяқталады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.

Ведомство басшысының айтуынша, соңғы екі жылда Қазақстанда оныншы шекаралық өткізу пункті жаңартылады. Бұл ретте «Жібек жолы» өткізу пунктін қайта жаңғырту жұмыстары бюджет қаражатын тартпай, толығымен демеушілік қаражат есебінен жүргізілген.

«Оныншы өткізу пунктінің құрылысын осы айда аяқтаймыз. Бұл — Өзбекстанмен шекарадағы жаяу жүргіншілерге арналған “Жібек жолы” өткізу пункті. Нысанның өзіндік ерекшелігі бар. Ол ашылғаннан кейін тәулігіне 70 мың адам мен 200 автобус өткізе алады», — деді Мәди Такиев.

Неліктен Өзбекстан шекарасында әлі де кезек бар?

Министр шекарадағы кептелістерге қатысты азаматтардың шағымдарына да түсініктеме берді. Қаржы министрлігінің мәліметінше, кезектердің пайда болуына екі ел арасындағы жолаушылар мен көлік ағынының күрт өсуі себеп болып отыр.

2026 жылдың тоғыз айында ғана мемлекеттік шекарадан 650 мың автокөлік өткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 20 пайызға көп.

Сонымен қатар кедендік ынтымақтастықты нығайту бағытында да қадамдар жасалып жатқаны белгілі болды. Депутаттар Қазақстан мен Өзбекстанның кеден қызметтерінің өзара өкілдіктерін ашуға мүмкіндік беретін келісімді ратификациялау туралы заңды екі оқылымда мақұлдады.

Бүгін, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.