Атырау, 21 қазан 15:26
 дождьВ Атырау +16.2
$ 450.69
€ 505.04
₽ 5.45

Астаналық алаяқ әйел ата-аналарды алдап, балабақша орнына ақша жинап сотталды

57 рет қаралды

Астаналық тұрғын балаларын балабақшаға орналастыруға уәде беріп, ата-аналардан ақша алғаны үшін алаяқтық жасағаны бойынша сотталды.

Қала прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық схема шамамен сегіз ай бойы жұмыс істеген.

Әйел 2GIS қосымшасы арқылы балаларын мектепке дейінгі мекемеге орналастыру жолын іздеген ата-аналарды тауып, олармен байланысқа шыққан. Содан кейін өз қызметін ұсынған.

Астаналық әйел таныстары бар екенін және солар арқылы балабақшадан орын алуға көмектесе алатынын айтқан.

Оның уәдесіне тоғыз адам сеніп, жалпы сомасы 590 мың теңгені аударған.

Алайда уәде етілген қызметтер көрсетілмеген.

Сот әйелді алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Астана прокуратурасы ата-аналарды сақ болуға шақырып, мектепке дейінгі мекемелерден орын бөлу мәселесі бойынша тек ресми порталдар мен уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуге кеңес берді.

Бүгін, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.