Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Мемлекет басшысы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырау салдарынан адамдардың қаза тапқаны туралы хабарды қайғыра отырып қабылдағанын атап өткен.
- Бұл қайғылы оқиға мені қатты күйзелтті, Ресей Федерациясы халқымен бірге ауыр қазаны шын ниетіммен бөлісемін, - делінген жеделхатта.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановқа әуе апатынан ұлы Ирек Миннихановтың қайтыс болуына байланысты бөлек көңіл айту жеделхатын жолдады.
Жеделхаттарда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы атынан және жеке өз атынан шын ниетпен көңіл айтып, қаза тапқандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтастығын білдірді.
Дереккөз: ҚазАқпарат