Атырау, 21 қазан 12:42
 дождьВ Атырау +10.7
$ 450.69
€ 505.04
₽ 5.45

Сергей Кан ҚФФ құрамына: Қазақстан футболында жаңа өзгерістер

63 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет
Ашық дереккөзден алынған сурет

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) басшылық құрамында кадрлық өзгерістер жоспарланып отыр. Ұйымның атқарушы комитетіндегі орынға қазақстандық белгілі кәсіпкер, Петропавлдың «Қызылжар» клубының иесі Сергей Кан тағайындалады. Бұл туралы AmanVIBE Telegram-арнасы хабарлады.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Кан өз еркімен ҚФФ атқарушы комитетінен кету туралы шешім қабылдаған Нұрсұлтан Құрманның орнына келеді.

Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман бас бапкер Какаудың жетекшілігімен ұлттық футзал құрамасының жұмысына толықтай көңіл бөлуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта Беларусь құрамасын сенімді түрде жеңген болатын.

Сергей Кан деген кім?

58 жастағы Сергей Кан — еліміздегі ең ірі кәсіпкерлердің бірі. Forbes Kazakhstan журналының соңғы рейтингіне сәйкес, ол Қазақстанның ең бай бизнесмендері тізімінде 23-орында тұр.

Канның ҚФФ атқарушы комитетіне келуімен ұйым құрамындағы ірі бизнес өкілдерінің саны артады. Бұған дейін федерацияның алқалы органына Тимур Турлов, Қайрат Боранбаев және Михаил Ломтадзе сияқты танымал кәсіпкерлер де кірген болатын.

Бүгін, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.