Қазанда орын алған әуе апатынан қаза тапқан жолаушылардың ішінде Теміртау тумасы, 1967 жылғы Юрий Бурдин бар. Ол Нижнекамск қаласында тіркелген, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі.
Татарстан ТЖМ сайтында 17 қарашада Қазан әуежайында қаза болған барлық 50 адамның тізімі нақтыланған.
Бұған дейін хабарланғандай, әуе апатында Татарстан президентінің 24 жастағы ұлы да қаза болды.
Айта кетейік,18 қараша Татарстанда қаралы күн деп жарияланды.
Дереккөз: Baq.kz
18 қараша 2013, 11:28