Атырау, 20 қазан 13:28
 дождьВ Атырау +16.7
$ 452.59
€ 507.67
₽ 5.48

Мектептегі жанжал: оқушының көзінен айырылуы және соттың қатал үкімі

54 рет қаралды

Таразда мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде болған төбелеске байланысты жасөспірімге сот үкімі шықты. Оқиғадан кейін 10-сынып оқушысы бір көзінің көру қабілетінен толық айырылған.

Сотталушы жеті жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды КТК.

Оқиға 2026 жылғы 14 сәуірде Тараздағы гимназиялардың бірінде болған. БАҚ мәліметінше, үзіліс кезінде 10-сынып оқушысы мен 9-сыныптың бірнеше оқушысы арасында жанжал туындаған. Оған жасөспірімдердің бірінің екіншісін иығымен қағып кетуі себеп болған. Кейін жоғары сынып оқушысын ер балалардың киім ауыстыратын бөлмесіне шақырып, сол жерде төбелес болған.

Соққылардың бірінен 10-сынып оқушысы көзінен аса ауыр жарақат алған.

«Соққы салдарынан жәбірленуші ауыр жарақат алып, соның нәтижесінде көру қабілетінен толық айырылды», — деп хабарлады Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Сот К. есімді жасөспірімді кінәлі деп танып, оны жеті жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Үкім жарияланғаннан кейін сотталушы сот залында қамауға алынды.

Іс фигуранты кәмелетке толмағандықтан, сот процесі жабық режимде өтті.

Жарақат алған оқушы соңғы бірнеше айда бірнеше рет ота жасатқан. Қыркүйек айында оның анасы ұлының алты рет хирургиялық отадан өткенін және жетінші отаға дайындалып жатқанын айтқан болатын. Оның сөзінше, жарақаттың салдары қайтымсыз болған.

Сонымен қатар жәбірленушінің отбасы жанжалға қатысқан өзге де адамдарды жауапқа тартуды талап етіп отыр. Бұған дейін жасөспірімнің анасы шабуылға бірнеше оқушының қатысқанын мәлімдеген. Алайда сот алдында олардың біреуі ғана жауап берген.

Бүгін, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.