Атырау, 24 қараша 11:19
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алматыда барахолкадағы өрт әдейі ұйымдастырылған болуы мүмкін

2 146 просмотра

Алматының ірі базарында шыққан өрт кәсіпкерлер мен сатушыларды аз уақыттың ішінде тақырға отырғызды. Болған оқиғаға қапаланған жұртшылық «Құлагер» базарындағы өрт әдейі ұйымдастырылған болуы мүмкін деген болжамдарын айтуда.

«Бұл барахолкадағы екінші өрт, бұл әдейі ұйымдастырылуы мүмкін. Жейтін нандарына ақша табу үшін басқа республикалардан көптеген адамдар келеді»,-деді аяқ киім сатушысы.

ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, «Құлагер» базарында соңғы тексеріс 2013 жылдың 11 қазанында жүргізілген. Тексеріс барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының 13 бұзушылығы анықталды. Тексеріс қорытындысы бойынша, базар директоры мен «Жаңа Құлагер» ЖШС-ның заңды тұлғасы әкімшілік жауаркершілікке тартылды.

2013 жылдың 11 қарашасында Алматы қалалық ТЖД арнайы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтарын толығымен жойғанға дейін «Жаңа Құлагер» ЖШС «Құлагер» базарының жұмысын тоқтата тұру туралы талап-арыз жіберген еді.

Дереккөз: BNews.kz

18 қараша 2013, 09:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.