Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 4,9 пайызға дейін төмендеді
2 217 рет қаралды
Қазіргі таңда елімізде жылдық инфляция деңгейі 4,9 пайызға дейін төмендеді. Бұл соңғы кездегі ең төменгі көрсеткіш болып табылады. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов теңгенің 20-жылдығына арналған халықаралық конференция барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Қ.Келімбетовтың айтуынша, 1993 жылы ұлттық валюта – теңгені енгізу Қазақстанның қаржы жүйесінің табыстылығының басты факторы болды.
«Ұлттық банктің басты мақсаты - баға тұрақтылығын одан әрі қамтамасыз ету. Қазіргі таңда жылдық инфляция деңгейі 4,9 пайызға дейін төмендеді. Және бұл соңғы кездегі ең төменгі көрсеткіш болып табылады. Жыл қорытындысы бойынша инфляция 6 пайыздан төмен болады», - деді Қ.Келімбетов.